Күрдтердің еңбекші партиясы 1984-жылдан бері Түркияның оңтүстік аймағынан автономиялық құқық талап етіп келеді. Ол 20 жылдық шайқас, қақтығыстарда 37 мыңнан астам адам құрбан болды. Соңғы айлардағы бірқатар жарылыстардан кейін Түркия бас министрі Ердоған өткен аптада күрдтермен өзара жанжалды демократиялық жолмен шешуге уәде берді.