Израиль Газа аймағындағы 21 еврей қонысынан тұрғындардың көшіріп көшіріп болды

ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль Газа аймағындағы ең ірі еврей қонысынан тұрғындарды көшіру шарасын аяқтады. Газадағы 8.5 мыңға жуық еврей тұрғындарының 95 пайызға жуығы жоспардан әлдеқайда ерте және онша қарсыласпай қоныс аударды. Израиль армиясы босап қалған 4 қонысты бұза бастады. Армия бүгін Газадағы 21 еврей қонысынан қалған ең соңғысы - Нецаримнен тұрғындарды көшіруге кірісуге тиіс. Иордан өзенінің Батыс жағалауында еврей экстремистері осы аптада бұзылуға тиісті Санур қонысының маңында жауынгерлермен қақтығысып, армия көліктеріне нұқсан келтірді.