Ирақтың этникалық және діни топтарының басшылары бүгін Бағдатта сөйлесулерді жалғастырды

Бүгін - Ата заң жобасын талқылауды аяқтаудың соңғы күні. Сүнні, шиит арабтар және күрд өкілдері Жасыл аймақта кездесуде. Жобаны әзірлеудің бастапқы межелі уақыты- тамыздың 15-і еді. Алайда ортақ келісімге қол жеткізілмеуі себепті ол уақыт шегі тағы бір аптаға ұзартылған болатын. Саяси басшылар Ұлттық Ассамблея отырысын бүгін Астана уақыты бойынша кешкі сағат 11-де жасауға келісті. Парламентке жоба уақытында тапсырылмаған жағдайында ол жоба әзірлігі үшін қосымша тағы бір апта береді. Олай болмаған жағдайда Парламент таратылады, деп сарапшылар ілкі сәттен-ақ айтқан болатын. Жобадағы келіспеушіліктер федерализм, Исламның елдегі рөлі және мұнайдан түскен пайданы бөлісу сияқты тақырыптар төңірегінде өрбіп отыр.