Қазақстанда ипотекалық несие жолымен үй алу жүйесі енгізілгеннен бері жылжымайтын мүлік бағасының бірнеше есеге көтеріліп кеткендігі белгілі. Кезінде Алматы қаласындағы бес-алты мың доллар тұрған бір бөлмелі пәтерлердің құны, бүгінгі таңда 30 мың доллардан асты. Сарапшылар алдағы уақытта да үлкен қалалардағы пәтер бағасының қымбаттайтындығын айтып отыр. Ал, ипотекалық несие жолымен алынған үйдің құнын төлеуді бюджет мекемесіндегі қызметкерлердің ауқымды бөлігінің еңбек табысы көтере бермейді.
Сейсенбі күні «Қазақстандық ипотекалық Компания» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрайымы Майко Оразымбетқызы Сағындықова ендігі уақытта азаматтардың төлемге жарамдылығына байланысты талаптарды жұмсартудың қарастырыла бастағандығын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жеңілдіктер Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес тұрғын үйлерге қол жеткізудің мүмкіндігін арттыру мақсатында енгізіліп отыр.
Ипотекалық несие жолымен үй алу жүйесі енгізілгеннен кейін, осыған байланысты Қазақстан қоғамында түрлі сыни пікірлер де үнемі айтылып келеді. “Қазақстан Халық банкі” басқармасының төрағасы Григорий Марченко бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында, ипотекалық несие жүйесінің келешегіне күдікпен қарайтыны туралы ойын білдірген еді. “Ауыл” партиясының төрағасы Ғани Қалиев та ипотекалық несие жүйесінің қарапайым халықтың ахуалын түзеуге септігін тигізе алатындығына сенімсіздікпен қарайды екен. Ол елдегі орташа айлық табысы 40 мың теңгеден аспайтын отбасылар үшін, ипотекалық несиенің ставкасы төмендетіліп, ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекет үйді тегін беруі тиіс деп санайды.
Ал, «Қазақстан ипотекалық компаниясының» хабарлауынша, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несие ставкасы 9 процентке дейін төмендетілуі мүмкін. Атап айтқанда, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» 2005-жылдың 7-шілдесінде өзара ынтымақтастық туралы меморандум сынды қосымша құжатқа қол қойған. Қосымшаға сәйкес тараптар Қазақстан ипотекалық компаниясының арнаулы бағдарламасы бойынша таратылатын ипотекалық несиеден әріптес-банктер тарапынан жиналатын комиссиялық алым мөлшерін 0,5 проценттен арттырмау жөнінде шешім қабылдаған. Ал бұған дейін бұл алым 1 процент және одан да жоғары болып келген еді.