Қытай Қазақстанның мұнай базарындағы үлесін біртіндеп кеңейтуді көздеп отыр. Аталған елдің CNPC корпорациясы «ПетроҚазақстан» компаниясын 4 миллиард доллардан астам сомаға сатып алмақ. Компания саудаға қойылған кезде, оған Үндістан миллиардері Лакшми Митталда қызығушылық білдірген. Кейбір сарапшылар Қазақстандағы компанияның қытайлықтарға сатылғаны тиімді деген пікірде.
Қазақстандағы Канаданың «PetroKazakhstan» компаниясы, Қытайдың CNPC корпорациясының бөлігі саналатын компанияға сатылатын болды. Кейбір сарапшылардың пікірінше қытайлықтар осылайша біртіндеп Қазақстанның мұнай базарындағы өз үлесін көбейтпекші. Бір жағынан ол тиімді. Өйткені, Қазақстанға мұнайдың едәуір бөлігін көп жылдар бойы сатып алуға мүмкіншілігі мол компания жақындай түседі. Бірақ, екінші жағынан қытайлықтар Қазақстанға біртіндеп еніп алады деген қауіп бар, дейді сарапшылар. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, жаңа қожайындарды Қазақстан заңдарын қатаң орындауға шақыру керек:
«PetroKazakhstan» өзі заң бұзғандықтан, оған қысым жасалғандықтан, нарықтан кетіп бара жатыр. Сол сияқты қытайлықтарға шектеу қоюға болады. Әрине, олардың келуі қауіп, бірақ, оның өз жолы бар».
Келісім құны 4,18 миллиард доллар. Сатылып жатқан кәсіпорын өкілдерінің айтуынша компанияның әр акциясы 55 доллардан сатылуы мүмкін. Келісімді жүзеге асыру үшін, PetroKazakhstan компаниясының директорлар кеңесінде соңғы шешім қабылданады. Кәсіпорынды сату үшін кем дегенде 66 пайыз дауыс қажет деп хабарланған. Сауда қазан айында аяқталады. Саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, Қазақстан үшін бұл кәсіпорынды ел бюджетінен қаржы бөліп сатып алған тиімді:
«Шама келгенше үлкен өндіріс орындары Қазақстанда қалған дұрыс. Сонда ақша көбірек түседі, шет елдіктердің салығынан да көп. Басында қиын жағдайда басқаларға сатуға тура келген, қазір жағдай басқаша».
Бұған дейін үндістандық миллиардер Лакшми Митталдың ONGC компаниясы да саудаға түсіп, Қазақстандағы кәсіпорынды сатып алуға ниет білдірген. Бірақ, ол қытайлықтар бергелі отырған қаражаттан аз қаржы - 3,6 миллиард доллар ұсынған болатын. Бұл туралы Dow Jones агенттігі есімін жасырған адамға сілтеме жасап хабарлаған. Сарапшылардың пікірінше, Қытай да, Үндістан да тез дамып келе жатқан елдер және мұнай сұранысын өздері қанағаттандыра алмай келеді. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, Қазақстан үшін үндістан миллиардерінен гөрі Қытайлық компаниямен қарым қатынас жүргізген тиімді.
«Қазақстанның қауіпсіздігінің бір кепілі ретінде Қытаймен Ресей деп кезінде келіскен. Мысалы АҚШ-тың өз компаниялары істейтін елдің қауіпсіздігін ойлаған сияқты қытайлықтарда инвестициясын көбейткен сайын Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етуге дайын», - дейді Б.Әбдіғалиев.
Қазір «PetroKazakhstan» компаниясы Құмкөл кен орнында жұмыс жүргізіп келеді. Тәулігіне кәсіпорын орта есеппен 150 миллион баррель мұнай табады деп хабарланған. Өткен жылы компанияның таза табысы жарты миллиард доллардан асқан. Оның сыртында, PetroKazakhstan Қазақстандағы ең ірі Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының қожайыны. Ал, саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, шет елдік компаниялармен мұнай өнімін бөлісу жөніндегі келісімдерді дамыған елдердегідей мұнай шығатын елге тиімді етіп өзгерту керек:
«Әр халық өз жерінен шыққан пайдасын өзі көру керек. Келісімдерді де қайта қарау керек».
Саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша да, шет елдерде мұнай табысының едәуір бөлігі шикізат шығатын елде қалады. Ал, Қазақстандағы жағдай өзгеше:
«Шет елдерде табиғи байлықтың үлесі 80 пайыздан кем болмайды. Мен мұны білетін адам ретінде айтып тұрмын. Қазақстанның үлесі шет елдіктердің қолында кететіні түсініксіз».
Бірақ, «PetroKazakhstan»-ның қиыншылықтарыда жоқ емес. Қазір компания Ресейдің ЛУКОЙЛ мұнай компаниясымен соттасып жатыр. Екі кәсіпорын өзара біріккен кәсіпорын бойынша таласқа түскен. Оның үстіне Қазақстанның қаржы полициясыда канадалық компанияға бірнеше айып таққан болатын. Полицияның мәліметінше «PetroKazakhstan» монополияға қарсы агенттік бекіткен бағадан асырып, 7 кәсіпорын арқылы қымбат жанармай сатып келген. Осындай қиыншылықтардан соң «PetroKazakhstan» басшылығы бизнесін сату туралы шешім қабылдаған, дейді сарапшылар.