Президент Лукашенко мен оның әкімшілігін кино тілімен бейнелемек болған мултипликаторларға қарсы басталған қуғындау әрекеті үшін халықаралық топтар Беларусь үкіметін сынады

Венадағы адам құқықтары тобы хабарлағанындай, Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік қызметі - КГБ тамыздың 16-сы күні киношылар Обузов пен Морозовтардың пәтерін тінткен. Егер оларға президенттің ар-намысына тиді деген айып тағылса, онда ол екі киношы 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.