Қазақстан Үкіметі әлеуметтік реформаларды тереңдету үшін 348 миллиард теңге, яғни, шамамен 2,5 миллиард доллар қаржы бөлмек. Бұл туралы Үкімет отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті. Қаңтардың 1-інен бастап беріле бастайтын ақша осыған дейін бөлінген қаражаттан 68 миллиард теңгеге артық. Сарапшылардың пікірлеріне қарағанда, аталған салаға мұншама ақшаның бөлінуі - биліктің президенттік сайлау алдындағы кезекті қадамдарының бірі.
2006 жылы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыруға 348 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл биылғыдан 68 миллиард теңгеге артық. Үкімет отырысында «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің айтуынша, келер жылға зейнетақыларды төлеу көлемі де 252 миллиард теңгеге жеткен. Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, қаржының сайлау алдында бөлінуі мүндетті түрде әңгіме туғызады:
«Қазір мемлекеттің әр жақсы әрекеттері сайлау алдында жасалып жатыр деген ой келтіреді. Бірақ, бір жақты қарауға болмайды. Сұрап көрсеңіз мұғалімдер, дәрігерлердің еңбекақысы өте төмен. Оларға ертерек көмектесу керек еді. Мұғалімдер 15 мың теңгеге қалай өмір сүріп жатыр?»
Саясаттанушы Болатхан Тайжанның айтуынша, қаржыны бұлайша жұмсау қате:
«Сіз еңбекақыны қанша көтерсеңіз де ол импорттауға кететін қаржыландыру болып шығады. Өйткені, сіз тамақ, киім шығарып жатқан жоқсыз. Шет елден келетін саудагерлер еңбекақы көбейген сайын тауарын қымбаттата береді».
Экономика министрлігінің хабарлауынша, келер жылдан бастап 1 жасқа дейінгі баланы күтуге мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі. Ал, «оралмандарды тарихи отанына көшіру және оларға тұрғын үй сатып алу жөніндегі бюджеттің шығыны 11 миллиард теңгені құрайды», деді министр. Экономист Атамұрат Шаменнің айтуынша, қаржыны әлеуметтік салаға абайлап салу керек:
«Кемелденген мемлекет есебінде әлеуметтік салаға ақша салғаны орынды. Дегенмен де оны өндіріске салу керек. Сонда салық көбірек алынады. Атаулы әлеуметтік көмек деп біз ауылға қаржы бердік. Бірақ, одан жұмыскерлер емес жалқауларды тәрбиеледік соңғы жылдары».
Экономист Уалихан Қайсаровтың айтуынша, әлеуметтік көмек ешқашан артық болмайды:
«Көп балалы отбастарына мемлекет тарапынан басқа келетін ақша жоқ. Сондықтан олар аштан өлмес үшін, олар қылмысқа бармас үшін, оларға мемлекет тарапынан ақша бөлу керек. Жәрдемақы масылдық туғызады дегенге келіспеймін».
Экономика минстрінің баспасөз қызметі 2006 жылы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасында биылғыдан 68 миллиард теңгеге артық қаражан неліктен салынып отыр деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Ал, ауыл тұрғыны Қасым Омаровтың айтуынша, қаржы бөлінгені жақсы, бірақ елді мекендерде жәрдемақы алғысы келетіндердің көбісі оған қол жеткізе алмай жүр дейді ол:
«Оның бір сиыры бар, соны сауады, дейді. Мен байқаған аудан әкімдері тұтыну себетін басқаша түсінеді. Өй, оларда жейтін наны, шайы бар, дейді. Ауылда баланы әскерге жібермеуге тырысатын. Қазір жіберу үшін пара береді. Өйткені, ауылда жұмыс жоқ. Бала таңертеңнен кешке дейін бос».
Ал, экономика министрінің баяндамасына қарағанда, 2006 жылғы қаңтардың 1-інен бастап мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар мүгедектігіне байланысты, жасына байланысты, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1000 теңгеге және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылар мөлшері 300 теңгеден 1000 теңгеге дейін артады. Осыған байланысты қосымша қаржы бөлінеді деп хабарланған.