Тамыздың 29 күні Қазақстанда Конституцияның 10 жылдығы тойлана бастады. Осыған орай көптеген заңгерлер конституцияға өзгерістер енгізу керек немесе керек емес деген тақырыппен бірнеше жиналыс өткізіп жатыр. Кейбір заңгерлер конституция мүмкіншіліктері толық пайдаланбай келеді. Осыған назар аударудың орнына саяси ұпай жинағысы келетін саясаткерлер конституцияны өзгерту керек деп жүр дейді. Ал конституцияны дереу өзгерту керек дейтін адамдар халыққа жағдай жасау үшін ата заңды өзгертпесе болмайды деп отыр.
Бұған дейін, бірнеше заңгер президент Назарбаевтың атына және парламентке хат жазып конституцияны өзгертуге болмайды деген. Заң ғылымдарының докторы Арықбай Ағыбаевтың қолы бірінші тұрған хатта жазылғандай кейбіреулер конституцияны түбегейлі өзгертіп елдегі басқару жүйесін құбылтпақ, сондықтан заңды өзгертуге болмайды дейді ол:
«Конституцияда көрсетілген әлеует толық пайдаланып біткен жоқ. Парламент болсын, үкімет болсын, сот органдары болсын өзіне берілген функцияларын әліде жөндеп жатқан жоқ».
Саясаткер Амалбек Тшановтың айтуынша, конституцияға керісінше ертерек өзгерістер енгізу керек:
«Ол реформаны созудың қажеті жоқ. Ол ертерек болған сайын, біздің көңіл күйіміз дұрыс болады. Халықпен басшылардың арасын жақындататын, тәуелді ететін жағдайға келу керек. Адам тәуелді болмайынша ешуақытта бағынбайды».
Парламентке үкімет мүшелерін тағайындау құқы берілсе бұл неге әкеп соғады деп жазады заңгерлер прездиентке жолдаған хатында. Өйткені қазірдің өзінде депутаттар үкімет мүшелігіне үміткерлерге келісуәіне не келіспеуіне болады. Ал осы құқықтарын парламент депуттары қаншалықты пайдаланып келгені басқа мәселе. Мысалы, соңғы 10 жылда депутаттар бірде бір министрге сенімсіздік көрсетпеген. Демек, конституция мүмкіншіліктері толық пайдаланбай келеді. Осыған назар аударудың орнына саяси ұпай жинағысы келетін саясаткерлер конституцияны өзгерту керек деп жүр, дейді заңгерлер президентке жолдаған хатында. Заң ғылымдарының докторы Арықбай Ағыбаевтың айтуынша, конституцияға өзгеріс енгізу ерте:
«Сосын уақыт келеді. Мәңгі қатып қалған ештеме жоқ деп президенттің өзі айтып отыр. Сосын халық айтады. Бізбен сіз оны айта алмаймыз».
Еуропалық құқық институтының директоры заңгер Марат Башимовтың еңбегінде жазылғандай конституцияны өзгертудің қажеті шамалы. Бастысы оның баптарының орындалуын қадағалау және насихаттау, дейді заңгер. Мысалы, егерде біз күн сайын теледидардан қылмыстық топтар жайлы фильмдерді көрсете берсек, жұртшылық заңға сенбей кетеді. Тіпті жарнаманың өзін тым көп көрсету конституцияға қайшы. Еуропалық конвенцияда айтылғандай жарнаманы тек 45 минутта бір рет көрсетуге болады. Ал, Қазақстанда жарнама өте жиі көрсетіледі, дейді заңгер. Саясаткер Амалбек Тшановтың айтуынша, осы және басқа да адам құқықтарының орындалмауын жою үшін конституцияға ертерек өзгерістер енгізу керек:
«Біз өте бай елміз. Бірақ, неге халық кедей. Осының бәрі реформаның жүрмей жатқандығына, конституция реформасының қажеттілігіне келіп тіреледі. Осындай шіріген бай, бізден миллиард доллар тауып жатыр шет елден келгендер қазақ емес. Сол байлық қайда кетіп жатыр. Сол халыққа жету үшін, бізге реформа керек».
Саясаткер Зәуреш Батталованың айтуынша да, конституцияға тиіспесе болмайды:
«Біздің биліктің жауапкершілігін мойындату үшін заңды өзгерту керек. Осы саяси реформаны бүгіннен бастау керек».
Еуропалық құқық институтының директоры заңгер Марат Башимовтың еңбегінде жазылғандай тіпті дамыған елдердің конституциялары барлық құқықты ескере бермейді. Жемқорлық, жерлестік, туысқандық қатынастар барлық жерде кездеседі, дейді заңгер. Марат Башимовтың айтуынша, Қазақстан конституциясының жақсы тұстары да жоқ емес. Мәселен, барлық дерлік тәуелсіз мемлекеттер достастығының ата заңдарында жоқ бап Қазақстанда бар. Онда айтылғандай, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары әр азаматтың құқына қатысты ақпаратты беруге тиіс.