Тамыздың 31-і күні Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, республика бойынша 235 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы N12 мектебі де бұл күні өз оқушыларына есігін айқара ашты.
Таза киініп, қолдарына гүл ұстап мектептеріне асыққан оқушыларды алтын ұя мектептері мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.
Жаңа оқу жылы жемісті. Мерейлі, үстем жыл болсын. Шәкірттеріміз өрісті, Елімдер ұл мен қыз болсын! Біліммен асып-тасайық, Тілеуін берсін көк көптің. Тілекпен осы ашайық, Есігін енді мектептің!
Өз ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған Шоқан Уәлиханов атындағы N12 мектептің директоры Рахат Шимашева: “Бүгін мектептердің дәстүрлі мерекесі. Республикамыздың түпкір-түпкіріндегі мектептердің барлығында осы біздің мектептегідей қоңыраудың үні естіліп жатқан шығар деп ойлаймын. Биыл мектеп қабырғасына төрт 1-ші сынып оқушыларын қабылдап жатырмыз. Тарыдай болып кірген бірінші сынып оқушыларының 11 жыл білім алып таудай азамат болып өсіп шығуына тілектеспіз. Біздер үшін үлкен қуаныш - еңбектің нәтижесі болу керек. Биылғы оқу жылында “Алматы қаласының үздік мектебі” байқауының бірінші жүлдесін жеңіп алдық. Бұл қуаныш бізге болашаққа үлкен жауапкершілік жүктейді”, деді.
Кеңес Одағы кезінде Алматы қаласындағы жалғыз қазақ мектебі болған бұл оқу ордасына биыл 80 жыл толды. Бұл мектепке баласын беріп қазақ тілінде хат танытқысы келген ата-аналарда аз болмаған екен. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 6 жасар Бейімгүл:
“Алда қиын жол жатыр, Алда мақсат-тілектер. Әр кеудеде соғады, Қоңырау болып жүректер”,
- деген өлең жолдарын оқып берді. Бейімгүлдің анасы Жанар: “Баламыз жетістіктерімен ғана қуантады деп ойлаймыз. Оған ата-анасы біз де жауаптымыз. Осы мектептен жақсы білім алып шықса екен дейміз. Ата-ананың одан басқа арманы бар ма?” дейді.
“Бұл күн әр ұстаз асыға күтетін мереке. Ұстаз – ерекше мамандық иесі. Өйткені олар болашақ ұрпақтың мүсіншісі, болашақ ұрпақтың жасаушысы, оның қалыптастырушысы”, - дейді Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Рахима Бөлекбайқызы.
Ал 11 сынып оқушысы Жәмиланың болашақтан күтері көп. Ол: ”Біз сияқты жастарға мемлекеттік грант пен “Болашақ” стипендиясында білім алу үшін көп оқу керек. Соған жыл басынан тырысамыз. Оған толықтай мүмкіндік те бар. Мен “Болашақ” стипендиясы арқылы шетелде тегін білім алғым келеді,” дейді.
Қазақстанның білім министрлігінің берген мәліметі бойынша, биылғы жаңа оқу жылында республика мектептерінде білім алатын бала саны 3 млн-нан асып отыр. Олардың 235 мыңы – биыл алғаш рет бірінші сынып партасына отырды.