“Әл-Қаида” мұсылман елдеріне қарсы соғысқан Батыс елдеріне сес көрсетуде

ДУБАЙ. Қатар араб елінің “Әл-Жазира” телеарнасынан берілген бейнесюжетте “Әл-Қаида” тобы жетекшісінің орынбасары айман Әз-Зауахири Батыс елдеріне тағы шабуылдар ұйымдастырылатынын жариялады. Бейнесюжетте Әз-Зауахири: “Палестина мен Ираққа және Ауғанстанға қарсы соғысқа атсалысқан елдер мен олардың одақтастары біздің нысанымыз”, деп мәлімдейді. Ол, сондай-ақ, 7-нші шілде күні Лондон метросында болған шабуылды британ премьері Тони Блэрдің “саясатына қарсы соққы болатын” деп түсіндірді. Ол шабуылдың салдарынан 50-ден аса адам құрбан болды.