Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қоғамда тіл мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті тақырыптардың бірі болып келеді. Өткен жылы мемлекет басшысы Парламент депутаттарының алдында екі сағат бойы тек мемлекеттік тіл - қазақ тілінде сөйлегенде, кейбір сарапшылар президент сайлауының алдында Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл саясатына байланысты қатқыл қадамдарға баруы мүмкін екендігі туралы сәуегейлік жасаған еді. Алайда, биылғы тамыз айының 24-күні республика жұртшылығымен тікелей эфир арқылы сұхабаттасқан Қазақстан Президенті мемлекеттік тіл мәселесіне тоқталған жоқ. Ал, қыркүйектің 2-күні Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен кездескен Н.Назарбаев тіл саясатында ұстамдылықтың қажет екендігін айтып, тіл білмегені үшін ешкімді де жазғыруға болмайтынын мәлімдеді.
Түркістанда тұратын зиялы қауым өкілдерінің бірі Сейдолла Садықұлы сенбі күні “Азаттық” радиосына Президенттің бұл ойымен келіспейтіндігін білдірді. Оның айтуынша, қазақ азаматының өз ана тілін білмеуі - өте ұятты жағдай. Саясатанушы Досым Сәтпаев болса, мемлекет басшысының мұндай мағынада мәлімдеме жасауын, Қазақстандағы ұлтшыл-патриоттық бағыттағы қозғалыстардың іс-әрекетімен байланыстырып отыр.
«Қазақстандағы ұлтшыл-патриоттық қозғалыстар президент Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда қозғамауға тырысқан мәселелерді көтеріп жатыр. Сондықтан, Н.Назарбаев дәл қазіргі Қазақстанның жағдайында ұлтаралық қатынастар мәселесін тіл арқылы көтерудің қауіпті екендігін де жақсы түсінеді. Өйткені, мемлекет басшысы алдағы сайлауда орыс халқының да қолдауына ие болғысы келеді. Қазақстанда сандық жағынан басым түсетін орыс тілді қауымның қолдауына ие болғысы келгендіктен, оларды тыныштандыру үшін мемлекет басшысы осындай мағынадағы мәлімдеме жасап отыр”, - дейді Досым Сәтпаев.
Қыркүйектің 2-күні мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен кездескен кезде айтқан сөзі шетелде және Қазақстанда тұратын зиялы қауым өкілдерінің арасында да түрлі пікір туғызды. Сенбі күні «Азаттық» радиосына Берлин қаласынан телефон шалған Тілеухан Бейболат Германияда тіл білмеген азаматтың жұмысқа орналаса алмайтындығын айтып, Қазақстанның да сондай қадамдарға баруы керек деген ойын білдірді. Ал Қазақстандық ғалым, әзірбайжан ұлтының өкілі Асылы Әли Османқызы сенбі күні «Азаттық» радиосына сұхбатында, мемлекет басшысын қолдайтындығын, алайда оның осы жолы Түркістанда айтқан пікірімен келіспейтінін білдірді.
«Біз басқа халықтарға өз ана тілдеріңізде сөйлемеңіздер деп жатқан жоқпыз. Алайда, бұл жердің тарихи мұрагері қазақтар болғандықтан, сол елдің тіліне басымдылық беру керек», - дейді ол.
Саясаткер Жақсыбай Бәзілбаев болса Президенттің тілге қатысты ұстамды саясат ұстанайық деген сөзінің жаны бар деп санайды.
«Себебі, дәл қазіргі уақытта тіл мәселесін қозғай беру - геосаяси ахуал үшін де аса қауіпті екендігін ескеру керек», - дейді Жақсыбай Бәзілбаев.
Қазақстандық кейбір сарапшылар болса, республикадағы мемлекеттік тілдің әлі талай жылдары бойы саяси ойынның құралына айналатындығын айтып отыр.