Бұл мәселені бас прокурор Әзімбек Бекназаров көтерген. Айдар Ақаев наурыздағы үкіметтік төңкерістен кейін ата-анысымен бірге Мәскеуге қашып кеткен болатын. Содан бері ол Парламенттің есігін ашпаған. Ақаевтар отбасының сыбайлас жемқорлығы жөніндегі мәліметтер жұрттың бұрынғы үкіметке деген ашу-ызасын қозғап отыр. Соңғы сәтте Бішкектен алынған хабарға қарағанда, Ұлттық банк басшысы Ұлан Сарбанов та сыбайластық қылмыста айыпталып, қазіргі кезде үй тұтқынында отыр екен.