Президент Буш бүгін апатты аймақты тікұшақпен аралап көрмек

Еуропа одағының сыртқы саясат бойынша жетекшісі Хавиер Солананың бүгін айтқанындай, Еуропа елдері «Катрина» дауылы және су тасқыны кесірінен зардап шеккен АҚШ-қа қажетті көмек беруге дайын екен. Бұл дауыл АҚШ-тың оңтүстігіндегі мұнай өндірісіне үлкен соққы болып тиді. Ал соңғы сағатта алынған хабарға қарағанда, Нью Орлеанның өзен жақ бетінде үлкен жарылыстар болған.