БАҒДАД. Бүгін Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеиннің қызы Рағадтың бүгін хабарлағанындай, келесі айда басталатын сотта оны адвокатардың жаңа ұжымы қорғайды. Бұрын жалданған заңгерлер қарама-қайшы кеңес бергені үшін түгел қорғаудан аластатылған. Бүгін Ирақ үкіметі С.Хусеин мен оның ең жақын 7 көмекшісінің соты 19-ыншы қазанда, яғни ұлттық конституция бойынша 15-інші қазанға тағайындалған референдумның артынша басталатынын мәлімдеді. Бұл 8 адам – 1982 жылы С.Хусеинге қарсы сәтсіз қастандықтан кейін Дужайыл ауылының 143 тұрғынын қырғаны үшін сотталмақшы. С.Хусеин, сондай-ақ, 80-інші және 90-ыншы жылдары шийттер мен күрдтерді жаппай қырған қылмыстары үшін де жеке сотталатын болады.