МӘСКЕУ. Екінші күн Мәскеуде сапарда жүрген Қырғызстан президенті Қ.Бәкиев пен Ресей лидері В.Путин бүгін екінші өзара келіссөзін өткізді. Бүгін екі жақты қарым-қатынасты, әсіресе экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ден қойылды. Жексенбі күні өткен бірінші бас қосуында В.Путин Қырғызстанды Ресейдің стратегиялық әріптесі әрі жақын одақтасы деп атады. Бүгінгі келіссөздің барысында екі елдің қаржы министрлері Қырғызстанға 2002 жылы берілген несиені үйлестіру туралы құжатқа қол қойды. Бұл – Қ.Бәкиевтің өткен айда президент міндетіне кірісуінен кейінгі бірінші шетелдік сапары.