ВАШИНГТОН. Табиғи апатқа ұшыраған аудандарға көмекті тым кешіктірді деген өткір сынның өсе түсуіне байланысты АҚШ президенті Дж.Буш бүгін “Катрина” дауылынан апатқа ұшыраған Луизина штатына екінші рет сапарға бармақшы. Ол дауылдан толығымен су астында қалған Нью-Орлеан қаласының маңындағы Ботан-Руж қаласына барады. Кеше Ақ үй өкілдері қарақшылық пен қылмыстық жаппай етеек алған Нью-Орлеанға тәртіп орнаттық деп мәлімдеді. Оның барысында кеміде 4 күдікті оққа ұшты. Луизиана, Миссисипи және Алабама штаттарындағы мыңдаған адамның қазасына байланысты президент Дж.Буш ресми мекемелерден АҚШ туын түсіруді бұйырды. Шамамен 1 млн. адам көшіріліп, кемінде 350 мың баспана қирап, 100-деген млрд. доллар шығын келді.