БЕЖИН. Бүгін Бежинде Еуроодақ пен Қытай өкілдері қытайлық мақта-мата өнімінің шамамен 75 млн. данасын Еуроодаққа экспорттау туралы келісімге келді. Қытайлық импорттың 2005 жылға белгіленген квотасынан асып кетуіне байланысты, 10-даған мың тонна Қытай тауары Еуропа порттарында тоқырап тұрды. Бірақ Еуроодаққа төрағалық етуші Англияның премьер-министрі Т.Блэрдің бүгін атап көрсеткеніндей, Қытай экспортын ұлғайту мәселесі әлі пысықталуға тиіс. “Мақта-мата өнімінен көріп отырғанымыздай, мезгіл-мезгіл қарама-қайшылықтың туына қарамастан, біздің екі жақты саудамыз ұлғаяды. Маңызды мәселе: сол қайшылықтарды шешу керек, одан кейін Қытай мен Еуроодақ саудасын ұлғайту жалғасатын болады”, деп мәлімдеді ол. Т.Блэр Бенжинде Еуроодақ пен Қытай басшыларының жыл сайынғы бас қосуында жүр.