БАҒДАД. Ирақ үкіметінің өкілі Лаис Кубба бұрынғы президент Саддам Хуссейннің соты 19-шы қазанда басталады деп мәлімдеді. Хуссейн мен оның сыбайластарына адамдарды жаппай қырған деген айыптар тағылған. Саддамның адвокаты Абдел Хақ Алани бұл істі қарап шығу үшін көбірек уақыт керек дейді.