Астанада Қазақстанның әділет министрлігі 2006-2008 жылдарға ескерілген адам саудасына қарсы үкіметтік шаралар жоспарын жасағандығын хабарлады. Әділет министрлігінің өкілдері түсіндіргендей, бұл жоспар мемлекеттің халықаралық имиджін көтеруге бағытталған. Естеріңізге сала кетсек, АҚШ мемлекеттік департаментінің 2003 жылғы адам саудасына қатысты баяндамасында Қазақстан адам саудасының құрбандарын қорғауға қатысты шараларды толық орындамайтын мемлекеттер қатарында аталады. Заңгерлердің пікірінше, Қазақстан заңдарындағы олқылықтардың кесірінен адам саудасы тиылар емес.
Адам саудасына қарсы үкіметтік шаралар жоспары 12 бөлімнен тұрады оның 8 әрдайым өткізілетін шараларды қамтиды. Жекелеп айтқанда бұл шет елге заңсыз шығарылған қазақстандықтарға қаржымен көмек көрсету және еңбекпен қамту агенттіктерін қадағалау сияқты шаралар. Әділет министрлігінің хабарлауынша, 2005 жылдың 7 айында адам саудасына қатысты 7 қылмыс тіркелген. Қазақстандағы заң саласында жұмыс істейтін мемлекеттік емес ұйымның заңгері Марат Башимовтың айтуынша, Қазақстанда миграция үрдістерін реттейтін 200-ден астам құжат қабылданған. Бірақ, олардың көбісі бір-біріне, елдің конституциясына және мемлекетаралық келісімдерге қайшы келеді:
«Адам саудасына қатысты істер қылмыстық құқыққа жатады. Құқықтық нормаларды күшейту керек. Олар халықаралық шарттарға сәйкес келмейді».
Ұйымдасқан топтардың адам саудасына қатысы бар екендігін дәлелдеу өте қиын, дейді мамандар. Оның үстіне зардап шеккендер өз аңқаулығын жариялағысы келмейді, ал ресми өтінішсіз жұмыс істеу мүмкін емес, дейді заңгерлер. Сондықтан, зардап шеккен адамды қорғау қиын. Қарағандының әділет департаментінің заңгері Дархан Оспановтың айтуынша, Қазақстанның қылмыстық кодексінде 18 жастан асқан адамдарды саудаға салған қылмысқа қарсы заң жоқ.
Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметі бойынша шет елге шыққан қазақстандықтардан 10 мыңға жақын шағым түскен. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, алданып қалғандардың саны бұдан әлдеқайда көп. Ал, Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшысы Тастемір Әбішевтің айтуынша, оларға өткен жылы шағым айтып келген адамдарда болмаған:
«Өткен жылы комиссияға ондай шағымдар түскен жоқ. Негізі ондай шағымдар өте аз болады. Ал, негізі адам саудасына қатысты жұмыстарда Қазақстан органдары халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары баға алған».
Ал, миграция жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметінше, Қазақстанда соңғы 3 жылда адам саудасының 170 жағдайы тіркелген. Қазақстанның бірнеше қалаларында шет елге бармақшы болғандарға кеңес беретін кеңселер бар. Бірақ, оған телефон шалатындар адам саудагерлерінің құрсауынан сақталу жолдарын емес, шет елге жұмысқа бару жолдарын сұрайды екен. Қазақстанда азаматтарға шет елден жұмыс беру құқы бар фирмалар жоқтың қасы. Бірақ, тұрғындар оған қарамайды, дейді заңгерлер. Көкшетау қаласының феминистер лигасының заңгері Назугум Масимованың айтуынша, шет елге шығу үшін, тек еңбек визасын пайдалану қажет, туристік визамен жұмыс істеу заңға қайшы. Шет елге шықпас бұрын, құжаттардың көшірмесін жасап, үйге тастап кету керек және құжаттарыңды берсеңдер визаны өзіміз жасаймыз дейтін фирмаларға сенбеу керек, дейді ол.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 5 миллион адам құл сатушылардың құрбаны болады. Мәселен, Таиланд қыздары АҚШ-пен Батыс Еуропаның жезөкшелер үйіне 20 мың долларға сатылады, ал, Таиландтың өзінде бұл қыздарды 2 мың долларға сатып алуға болады, деген ақпар бар. Осылайша, адам сатушылар салған қаржысынан 10 есе артық пайда табады. Бұл салада 9 миллиард доллар айналымда жүр деген мәлімет бар. Адам саудасынан түсетін табыс есірткі және қару садасынан кейін, үшінші орында тұр. Ұйымдасқан қылмысты топтар жұмыссыздар мен кедейлері көп елдерден құлдыққа адам тасиды. Мұндай елдердің қатарында Қазақстанда бар, дейді бақылаушылар.