Катрина дауылынан зардап шеккен Нью Орлеанның мэрі қаланы басқан судың беті қайта бастады, бірақ әлі де оның көп бөлігі су астында дейді:
«Мұнда әлі де көп жерді су алып жатыр, қаланың 80 проценттей көлемінде су бар, менің бағалауымша 60 процент жерді әлі су басып жатыр деуге болады», - дейді Рэй Нэджин.
Катрина дауылы бұдан бір апта бұрын АҚШ-тың Миссисипи, Луизиана, Алабама штаттарында жолындағының бәрін де қиратып жойқын жүріп өткен болатын. АҚШ президенті Дж. Буш федералдық үкімет ішінде тексеру жүргіземін деп мәлімдеді. Үкімет қазір Катрина дауылы кезінде баяу қимылдады деген сын садағына ілінуде. Конгресс ресмилері Буш дауылдан зардап шеккен аймақтардағы қалпына келтіру жұмыстарына 40 миллиард доллар сұрамақшы дегенді айтқан. Жергілікті биліктің деректеріне қарағанда дауыл құрбандарының саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін.