Өзбекстан бас прокуроры Рашид Қадыров мамыр айында болған Әндіжан толқуларының алдын алуға жауапкерсіздікпен қараған 25 қауіпсіздік қызметкерін айыпты деп тауып отыр

Өзбекстанда шығатын «Халық сөзі» газетінің жазғанындай, бас прокурор, сондай-ақ, ол толқулар және оның салдары үшін шетелдік БАҚ-дарын және бейүкіметтік ұйымдарды да қатты сынаған. Қадыровтың пікірінше, ол БАҚ-дары және ұйымдарына көтерілістің ұйымдастырушылары алдын-ала хабарлап үлгерген. Өзбекстан үкіметі Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан және Орта Азия елдері өкілдерінен құрылған дипломатиялық топтың Әндіжан қырғынын зерттеуге рұхсат беретіндей ниеті бар. Бірақ, әу бастан-ақ, Өзбекстан АҚШ, Британия ұсынған тәуелсіз зерттеуге қарсы болған-тұғын.