Ресей, АҚШ және Грузия ресмилері Украинадағы жағдайға өз көзқарастарын білдірді

Ресей президенті Владимир Путин үкіметті таратқан шешімінен кейін президент Виктор Ющенко елдегі жағдайды өз бақылауында ұстап отырғандығына сенемін деген пікірін білдірді.

«Мен Украинада қазір болып жатқан оқиғаларды күрделендірмеген болар едім. Украина халқы мен елдің басшылығы ең дұрыс шешім табады деп сенемін, Ресей де өз тарапынан елдегі жағдайдың тұрақтануына ықпал ететін болады», - деп атап көрсетті Ресей президенті.

АҚШ мемлекеттік департаментінің Европа және Евразия істері жөніндегі өкілі Курт Волкер үкіметтің отставкаға кетуі, оның орнына жаңасының келуі - демократиялық ел үшін қалыпты жағдай деп атап көрсетті. Грузия президенті Михаил Саакашвили де Ющенконың үкімет турасындағы шешіміне қолдау көрсететіндігін айтты.