Нью-Орлеан қаласында адам шығыны көп шықпай жатыр

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі Нью-Орлеан қаласында "Катрина" дауылынан орын алған адам шығыны болжамдарға қайшы 10 мың адам емес, әлде қайда аз болуы мүмкін деді. Дегенмен, министрліктің Нью-Орлеан қаласындағы бас өкілі Терри Эбберт адам шығыны жайында тың болжамды айтпады. Қазіргі ресми мәлімет Нью-Орлеанда 118 адам қаза тапты дейді. АҚШ әскерінің өкілдері Нью-Орлеан қаласын басып кеткен су екінші қазанға таман шығарылады деген есебін жариялады. АҚШ федералды төтенше шара менеджмент агенттігінің бастығы ауыстырылды. 29 тамызда АҚШ жағалауын соққан теңіз дауылынан соң тиісті шаралар баяу жүргізілді деген сын қазір қатты айтылып отыр.