Жармахан Тұяқбай – бұрынғы бас прокурор, Тергеу комитетінің басшысы, бұрынғы парламент мәжілісінің төрағасы. Біршама уақыт президент басқаратын «Отан» саяси партиясының төраға орынбасары да болған. «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының өкілі Қалдархан Қамбардың тілшілерге айтуынша, Жармахан Тұяқбай өз тіркелуі жөнінде Орталық сайлау комиссиясына алдағы дүйсенбіде арыз бермек.