Израиль армиясы 38 жыл бойы үстемдік еткен Газа аймағынан бүгін шығарылуға тиіс

ТАЯУ ШЫҒЫС. Бүгін Палестина автономиясының қауіпсіздік күштері Газа аймағындағы бос қалған еврей қоныстарына бақылау орнатуға кірісті. Израиль армиясы 38 жыл бойы өзінің басқыншылығында болған Газаны бүгін тастап шығуға тиіс. Палестина үкіметінің хабарлауынша, Газа аймағындағы қоныстарда қалған еврей шіркеулері - 24 синагога түгел жойылады. Израиль үкіметі өткен айда Газадағы тұрғындары қоныс аударылған 21 еврей қонысындағы бұл шіркеулерді бұзудан бас тартты.