Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 12 қыркүйек күні Азаматтық форум барысында сөйлеген сөзінде, Парламент пен Үкіметтің шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың ҚР Конституциясы мен заңдарын орындауын қатаң бақылайтын болатындығын мәлімдеуі қоғамда түрлі пікір туғызды.
13 қыркүйек күні осы мәселеге байланысты «Азаттық» тілшісіне пікір білдірген қазақстандық бірқатар сарапшылар, Президенттің мұндай мағынадағы мәлімдеме жасауын алдағы өтетін саяси науқанмен байланыстырады. Ал, кейбір халықаралық ұйымның өкілдері қазақстандық оппозицияның ешқашан да шетелдік ұйымдар тарапынан қаржыландырылмағандығын айтып отыр. Атап айтқанда, Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның қызметкері, “Адам құқығы жөніндегі” бюллетеннің редакторы журналист Сергей Дуванов сейсенбі күні “Азаттық” радиосына, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік және халықаралық ұйымдар тарапына мәлімдеме жасауының негізі жоқ деген ойын білдірді.
«Жалпы, мен бұл проблеманың қайдан туындап отырғандығын түсінбеймін. Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар арқылы оппозицияны қаржыландыру оқиғалары тіркеліп пе, әлде басқа бір жағдайлар болып па? Бұл проблема ойдан жасалынып отыр. Президент мырза мен оның командасы мұндай проблеманы ойлап тауып, әрі қарай жүргісі келеді. Сондықтан, Президенттің айтып отырған сөздерінің бәрі шындыққа жанаспайды. Өйткені, шетелдік ұйымдар ешқашан да оппозицияны қаржыландырған емес», - дейді журналист Сергей Дуванов.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, 12 қыркүйек күні Астана өткен ІІ Азаматтық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан Парламентінің Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңды көрші елдерде орын алған оқиғаларды ескере отырып қабылдағасы келгендігін сөз қылған еді.
«Парламент депутаттары көпшілік дауыспен, Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңды қабылдау туралы бастаманы тектен-тек немесе біреуге қысым көрсету үшін көтерген жоқ. Олар шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың жұрттың көзін бақырайтып қойып қаржы төгіп, тұрақсыздық ахуалды орнатқанын, көрші елдерде болып жатқан оқиғаларға байланысты қауіпті көрді», - деген баға берді Н.Назарбаев.
Саясаттанушы Досым Сәтпаев президент Назарбаевтың Қазақстанда жұмыс жасап жатқан шетелдік немесе үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қауіптене қарауының ешқандай негізі жоқ деп есептейді. Оның себебін саясаттанушы түрлі-түсті төңкеріс орын алған Қырғызстанда үкіметтік емес ұйымдардың ықпалының зор болмағандығымен байланыстырды. Қазақстан президенті осындай мағынадағы мәлімдеме жасауы арқылы Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңды қабылдамай тастамағанымен, олардың қызметін жіті бақылауда ұстайтындығын аңғартқысы келді деген ой айтады Д.Сәтпаев. Ал кәсіби дипломат Болат Тайжанның пікірінше, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мәлімдемесі Қазақстандағы саяси ахуалға кері әсерін тигізбек.
13 қыркүйек күні алдағы өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниеті бар екендігін білдірген саясаткер Жақсыбай Бәзілбаев, президент Назарбаевтың пікірімен толық келісетінін айтты. Ж.Бәзілбаевтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың аузынан мұндай мағынадағы сөздер, Қазақстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында айтылған.
Саясаткер Сейдахмет Құттықадамның айтуынша, Н.Назарбаевтың осындай мәлімдеме жасауы, биліктің осалдығын білдіреді. «Руханиат» партиясының, Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі Тамара Хамитқызы Қабиева болса, президенттің сөзінің негізсіз емес деп санайды, ол үкіметтік емес шетелдік ұйымдардың жұмысына өзінің күмәнмен қарайтынын айтады.