Солтүстік Кореяның ядролық мәселесіне арналған алтыжақ келіссөздер жалғаспақ

Қытай астанасы Пекин қаласында бүгін Солтүстік Кореяның ядролық мәселесіне арналған алтыжақ келіссөздер жалғаспақ. 2003 жылдан бері өтіп жатқан келіссөздердің бесінші сессиясы кеше басталды. Қытай, Жапония, Ресей, АҚШ және екі корей мемлекеті Солтүстік Кореяның ядролық мәселесінде келісім таппақ. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Солтүстік Корея ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта жалғастырамыз дейді, АҚШ бұған қарсы, сөйтіп мәселе тұйыққа тіреліп тұр деді. Қытай президенті Ху Дзинтао АҚШ президенті Джордж Бушқа мәселе бойынша табысқа жетуге құштармыз деп мәлімдеді.