Ауғанстандағы парламенттік сайлауда азаматтар белсенді қатысады деген үміт бар

Бірақ бүгін ауған полициясы мен қарулы топ арасында болған шайқаста кемінде 12 адам қаза тапты. Сайлау алды жағдайы жөнінде генерал Карл Айкенберри:

«Ертең жексенбіде сайлау болады. Дегенмен қақтығыстар да болуы мүмкін. Дауыс беруге 12 млн адамнан рекордтық деңгейдегі қауым қатыспақ», - деді.

Бұл арада сенбі күні тәліптер мен полиция арасында қақтығыстар болып өтті. Тәліптерден 7 адам мерт болған. Пәкістан шекара аймағында мыңдаған әскер дайын тұр.