Саудияның бас мүфтиі Ирақ халқының ішінен діни араздық туғызуға қарсы шықты

ДУБАЙ: Сауд Арабиясының бас мүфтиі шейх Абуләзиз Әш-Шайх иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқуидің Ирақ халқының ішінен діни араздық туғызбақ болған үндеуіне қарсы шықты. Оның алдында Әз-Зарқауи Ирақ халқының негізін құрайтын шийит мұсылмандарына қарсы соғыс жариялауға шақырған болатын. Онымен қатар бүгін көтерілісшілер Ирақ парламентінің күрдтерден сайланған депутаты Фарис Нәзір Хуссеинді өлтіріп, тағы бір депутатты жаралады.