НЬЮ-ЙОРК. Нью-Йорктің тауар биржасында қазан айында шығарылатын 1 баррель мұнай шикізатының бағасы тағы да 67 доллардан асты. АҚШ-тың теңіз жағалауына жақындап төніп келе жатқан жаңа “Рита” дауылы Мексика шығанағындағы мұнай өндірісіне айтарлықтай нұқсан келтіре ме деген алаңдаушылық жоқ емес. Бүгін Венада ОПЕК елдерінің министрлері бағаның өсуін ауыздықтау мақсатында мұнай өндірісін ұлғайту мәселесін шешпекші.