БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Ә.Бекназаров өзінің сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресіп келгенін, бірақ ақыр аяғында жемқорлықтың өзін жеңгенін мәлімдеді. Қырғыз президенті Қ.Бәкиев оны Бас прокурор лауазымынан кеше босатты. Ә.Бекназаров - экс-президент А.Ақаевтың тұсындағы бұрынғы премьер-министр Н.Танаев, А.Ақаевтың өз ұлы Айдар сынды тұлғаларға қарсы қылмыстық істер қозғап, тергеу жүргізе бастаған-ды. Ол - А.Ақаевты биліктен құлатқан төңкерісте жетекші рөл атқарды. Ә.Бекназаров президентке қарсы оппозицияға қосылатынын мәлімдеді. Бас прокурорлыққа президент әкімшілігінің қызметкері Бұсырманқұл Табылдиев тағайындалды.