ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанда Әндіжанда 13 мамырда болған халық толқуына байланысты 15 айыпталушының үстінен сот процесі басталды. Оларға терроризммен шұғылданды, кісі өлтірді, адамдарды кепілдікте қамап ұстады, заңсыз қару-жараққа ие болды, тұтқындарды заңсыз босатты деген айыптар тағылып отыр. 15 айыпталушының ішінде Қырғызстанның 3 азаматы бар. Ресми дерекке сәйкес, Әндіжандағы халық толқуын күштеп басып-жаншу кезінде 187 адам, ал құқық қорғаушылардың есебі бойынша 750-ге жуық бейбіт халық қырылды.