Еуропа одағы сәрсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасына байланысты өзінің бағытын қатайта түсті

Ұйымға мүше 25 ел атынан арнайы мәлімдеме де жасалды. Ол мәлімдемені Халықаралық атом энергиялық агенттігінің Венадағы басқосуында Британияның Еуропа одағындағы елшісі оқыды. Қазір Еуропа одағының БҰҰ-ы қауіпсіздік кеңесіне ұсынылатын қарар жобасы талқылануда. Ол бойынша Иранға жасалуы мүмкін экономикалық тиым жайы қозғалмақшы. “Мәселе тым саясаттандырылған” дей келіп, бұл қарарға қарсы дауыс беретін Қытай және бірнеше елдер қатарында өзінің бар екендігін Ресей елі мәлімдеп отыр.