Қазақстанда мұнай өнімдері қымбаттаған соң азық-түлік бағасы көтерілуі мүмкін. Қазір көптеген аймақтарда АИ-95 литрі 70 теңгеден асқан. Сарапшылардың пікірінше, баға көтерілуінің бірнеше себебі бар. Мысалы, Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу зауыты толық қуатымен жұмыс істемейді. Салыстыратын болсақ, Павлодардың мұнайхимия зауыты өткен жылы өз қуатының тек 38 пайызын пайдаланды. Осылайша, өңделген мұнай көлемі жағынан ішкі тұтынушыларды қанағаттандыра алмай келеді. Нәтижесінде, жанар-жағар май елге сырттан енгізіледі. Ресми мәліметке сәйкес, 2004 жылы елге қажет мұнай өнімдерінің 25 пайызы Ресейден алынды.
Соңғы аптада жанар-жағар май бағасы Еуропада 30 пайызға қымбаттады. Қазір бір литр жанар жағар майдың бағасы Еуропада 2 еуро тұрады. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тағы Катрина дауылынан кейін, ондағы жанар-жағар май бағасы күрт көтерілген, бұл өз кезегінде басқа елдердегі бағаға да әсер етті. Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Клод Мандил АҚШ-тың мұнай өңдеу саласына келтірілген шығын үлкен болса, әлемді қуат дағдарысы күтіп тұр деген мәлімдеме жасаған. Саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, мұнай бағасының көтерілуі Қазақстанға да кесірін тигізуі мүмкін:
- Шарықтау шегінен кейін экономикада міндетті түрде құлдырау пайда болады. Халықаралық деңгейдегі экономикалық даңғдарысқа әкелуі мүмкін.
Қазақстандық сарапшылар бұл пікірмен қосылып отыр. Қазір көптеген аймақтарда АИ-95 литрі 70 теңгеден асқан. Мысалы, Қызылорда облысында қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап жанар-жағар май бағасы 8 теңгеге қымбаттаған. Ал, жанар-жағар май сататын кәсіпкерлер мұнайдың әлемдік бағасы өзгерсе, Қазақстанда сатылатын жанар-жағар май бағасының бір литрі 1 доллардан асуы ықтимал, дейді. Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировтың сөзіне сүйенсек, жанар-жағар май бағасының көтерілуінде бірнеше себеп бар:
- Бізде мұнай айыратын 3 зауыт бар. Олар жылына 18 миллион тонна мұнай айыратын күші бар. Бірақ, ол мұнайды ала алмайды. Бір жағынан компаниялар бермейді және мемлекет бермейді. Өйткені, сыртқа сатқан тиімді. Ең көбі 9 миллион алады, тең жартысы. Қалғаны шет елден келеді. Әрине, шет елден келгенсоң оның бағасы қымбат болады.
Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надировтың сөзіне сүйенсек жанар-жағар май бағасының көтерілуіндегі негізгі себеп осы:
- Атыраудағы зауыт жөндеуде. Қалған екі зауыт шет елдіктердің қолында. Олар мұнайды қашан өңдейміз деседе өздері біледі. Сосын бір қулық бар. Шымкентте ол жыл сайын падаланылады. Жыл сайын зауыттарды бір айға жөндеуге қояды, науқан алдында. Оның алдында өзімен байланысты кәсіпкерлерге жанар-жағармайды береді. Олар толтырып аладыда, сосын зауытты тоқтатып қымбат бағаға сатады.
Ал, экономика министрлігінің жобалауынша, мұнай бағасының жоғары бағалары елдегі инфляцияның көтерілуіне әкеп соғады. Мұнай барелінің құны 40 доллар болған кезде инфляция 7 пайыз болған. Алайда, қазіргі мұнай барелінің бағасы 60 доллардан көтерілген және барған сайын өсіп барады. Демек, инфляция көрсеткіштеріде өсуге тиіс, дейді сарапшылар. Ал, саясаттанушы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, Қазақстанға мұнай бағасының көтерілгені жақсы. «Біз мұнайды шет елдерге сатамыз, яғни, бюджет түсімдері ұлғаяды. Егерде, одан түскен қаржы дамуға жұмсалса, жұмыссыздық мәселесі шешіліп, ішкі өнім шығару мәселесі шешілер еді», - дейді ол:
- Қазақстанға тиімді, бюджетке деген кірісті көбейтеді. Әлеуметтік мәселелер мен бюджет профицитін шешеді. Бірақ, екінші жағынан жанар-жағар май бағасының өсуінен тауар бағасы өсе батайды.
Жалпы, Қазақстан мұнайды өзіне жеткілікті мөлшерде өндіреді. Мұнай көлемі бойынша, Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында. Бірақ, өңделетін мұнай көп емес, дейді сарапшылар. Осылайша, мұнайдың көп көлеміне қарамастан ішкі базарда оның тапшылығы байқалады. Статистика мәліметіне сүйенсек, Қазақстан мұнайшылары елде табылатын мұнайдың тек 16 пайызын алады. Қалған 84 пайызы шет елдік компаниялардың меншігі. Олар өз кезегінде салықты төлеп болғаннан кейін, өз өнімін қайда сатам деседе құқылы. Ал, Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының баспасөз қызметтері бұл жөнінде ақпарат беру үшін, Қазақстан заңдарына сай, сұрақтары бар хат жазылғансоң, оған 3 күнен кейін жауап беруге ғана келісті. Айта кететін жайт, жанар-жағар майдың ең зәру кезі - егін жинау маусымы аяқталып келеді.