Өткен мамыр айында шығарылған үкім бойынша Ходорковский түрмеде 9 жыл отыруы керек болатын. Бейсенбі күні болған үдеріс барысында айыпталушының түрмеде отыру мерзімі сегіз жылға түсірілді. ЮКОС-тың бұрынғы басшысына алаяқтық жасады және салық төлеуден жалтарды, деген айыптар тағылуда. Бұл әрекеттер саяси негізге құрылған, деп келген Ходорковский бұл жолы да өзін жазықсыз деп есептейтіндігін айтты.