Польшада жексенбі күні Парламенттік сайлаулар өтті

Жексенбі күні болған Парламенттік сайлауларда 28 пайыз дауыс жинақтаған Польшаның консервативтік бағыттағы Заң және Әділет партиясы басшысы Качинский өкімет басшылығы қызметіне өзін лайық көріп отыр. Сайлауларда екінші келген Азаматтық Платформа партиясымен коалиция түзу мүмкіндігіне ол шақыруда. Екі партия бірлесе келіп, 50 пайыздан да көп дауысты құрауда. Польша сайлаушылары қазіргі өкімет басшысы Марек Белканың Демократиялық солшыл одағына 11 пайыз ғана дауыс сыйлаған екен.