Польшада “Заң мен тәртіп” партиясы бастаған жаңа коалициялық үкімет жасақталуға тиіс

ВАРШАВА. Польшадағы парламент сайлауында оңшыл-центристік партиялар жеңіске жетті. Бюллетендердің есепке алынған 60 пайызына қарағанда, “Заң мен тәртіп” партиясы - 26.5 пайыз, оның одақтасы - “Азаматтық платформа” партиясы – 24 пайыздан көп дауыс алды. Осы одақ парламенттегі 460 орынның 270-ына ие болып, жаңа коалициялық үкімет жасақтамақшы. Билік басындағы “Солшыл демократтардың одағы” 11 пайызға жуық дауыс жинады. “Заң мен тәртіп” партиясының лидері Ярослав Качиньский: “Біз партия ретінде, одан да маңыздысы – Польша үшін айқын бағдарлама ретінде біздің бағдарламамыз жеңіске жетті”, деп мәлімдеп, Марек Бельканың орнына премьер-министр болып отыратынын жасырмады.