ВИЛЬНЮС. Литвада әскери әуе күштерінің бас қолбасшысы Йонас Марцинкус осы қызметінен босатылды. Қорғаныс министрі Гядиминас Киркиластың сөзіне қарағанда, ол ресейлік СУ-27 ұшағының апатын тергеуге байланысты қызметтен аластатылды – Литваның қорғаныс күштері елдің әуе кеңістігін бұзған оқиғаны дер кезінде аңғарып, шара қабылдай алмаған.