АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Даниел Фред бұл жөнінде сейсенбіде президент Каримовпен Тәшкенде кездескеннен кейін айтқан. 2001-жылғы АҚШ-тағы террорлық шабуылдардан кейін Өзбекстан террорлық шабуылдарға қарсы науқан кезінде Ауғанстандағы операцияларда қатыспақ американдық әскерилерге өз аумағынан орын берген болатын. Ал Әндіжанда мамырда болған толқулардан кейін АҚШ-тың айтқан сындарын қабылдамаған Өзбекстан АҚШтан өз күштерін алып шығып кетуді талап етті.