Тәуелсіз басылымдарда сөз бостандығы тақырыбы көбірек сөз болыпты. “Время принт” баспаханасы тәуелсіз басылымдарды басудан бас тартқаннан кейін, алты бірдей газеттің басшыларының аштық жариялапты. Астанада Дүниежүзі қазақтарының III құрылтайының басталғандығы да бейсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдардың назарынын тыс қалмапты.
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Мемлекетіндегі төтенше әрі өкілетті елшісі Гебхардт Вайс “Время” газетінің тілшісіне берген сұхбатында Герхерд Шредердің Қазақстанның Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының төрағалығына ұсынылған кандидатурасын қолдайтындығын білдіргендігіне тоқталып, бұл мәселенің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа да байланысты екендігін атап өтіпті. Өз сөзінде Гебхардт Вайс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президенттік сайлау еркін, әрі таза өтеді деп уәде беруін маңызды саяси мәлімдеме ретінде бағалапты. Осыған орай Гебхардт Вайс өз елінің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген уәдесінің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқандығын бақылайтындығын да сөз қылыпты. Газет тілшісіне берген сұхбатында Гебхардт Вайс тәуелсіз “Республика” газетінің төңірегінде қалыптасқан ахуалға байланысты алаңдаушылығын білдіріпті. Гебхард Вайстың айтуынша, нағыз демократия орнаған мемлекетте тәуелсіз басылымдарға қысым жасалмауы тиіс.
“Жас Алаш” басылымының бейсенбі күнгі санында алты бірдей газет басшыларының аштық жариялағандығы хабарланыпты. Олардың мұндай наразылық акциясын өткізуіне “Свобода слова”, “Апта kz Ақ жол”, “Эпоха”, “Азат”, “Сөз-Республика”, “Дата недели – Жұма таймс” сынды тәуелсіз газеттерді “Время Принт” баспаханасының басып шығарудан бас тартуы себеп болыпты. Мақала авторының айтуынша, Алматыдағы тағы да басқа бірнеше баспахана демократиялық бағыттағы басылымдарды басуға келісім бермеген. “Свобода слова” газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева газет тілшісіне берген сұхбатында бұл оқиғаға Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының өз бағасын беретіндігін және Америка Құрама Штаты өкілдерінің бірінің келе жатқандығын айтып, мұның артының үлкен дау-дамайға ұласып кетуінің мүмкін екендігін ескертіпті. “Эпоха” басылымының бас редакторы Бақытжан Мұқышев бұл болып жатқан оқиғаны – президенттік сайлаудың жақындап келе жатқандығымен байланыстырыпты.
Ал, “Айқын”, “Литер” басылымдарында бұқаралық ақпарат құралдарының “Әділ сайлау үшін” хартиясы жарияланыпты. Хартияға 21 бұқаралық ақпарат құралының атынан қол қойылыпты. Олар бұрынғы кеңестік елдерде сайлау барысында бір-біріне лас күйе жағу мен дәлелсіз қаралаудың дәстүрге айналғандығына тоқталып, бәсекелестеріне қара күйе жағып, жеңіл жолды пайдалануға ұмтылатындар мен өткенді қазбалап жағымсыз ойын ойнағысы келгендерге кедергі қоюдың қажеттілігін айрықша атап өтіпті. Астанада Дүниежүзі қазақтарының III құрылтайының басталғандығы да бейсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдардың назарынын тыс қалмапты.
“Казахстанская правда” газеті құрылтайға келген қазақтардың Нұр Астана мешітінде болғандығын және олардың Қазақстанның бас мүфтиі Әбасаттар қажы Дербісәлінің қарсы алғандығын хабарлапты.
“Ана тілі” апталығының хабарлауынша, бұл жолғы құрылтайға әлемнің 33 елінен 300 адам келіпті. Оның ішінде 62 делегат Ресей Федерациясынан қатысыпты. Олардың арасында –Чуваш республикасының Экономика және сауда министрі Гүлмира Әкімова, Санкт-Петербургте 1998 жылы ашылған Мемлекеттік поляр академиясының ректоры Әзіргет Шәукенбаева, Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова сынды белгілі адамдар да бар екен.
“Экспресс К” басылымында шет елден келген қазақтар үшін “Атамекен” этнопаркінде ұлттық дәстүр мен өнерге арналған көрменің ашылғандығы баяндалыпты.