АҚШ парламентінен екі депутат президент Буштан Өзбекстанға қорғаныс шарасына бермек төлемақыны тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ, конгресмендер Делаунт пен Доггит Халықаралық соттан президент Кәрімовты Әндіжан қырғыны үшін сот алдында жауап беруі керек деп талап қойды. Конгрессмен Делаунт АҚШ-ты президент Кәрімовке ешқандай қолдау көрсетпеуге шақырды. Әзірше бұл жағдайға орай Өзбекстандық ресмилер жауап бере қойған жоқ.