Украинаның жаңа бас министрі Юрий Ехануров Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, Ресей Украинаның негізгі серіктесі боп қала береді деп мәлімдеді. Юрий Ехануров ресей бизнесмендері 1990-шы жылдары жекешелендіру кезінде Украинада қол жеткізген кәсіпорындарынан қағылмайды деді. Юрий Ехануров Ресей бас министрі Михаил Фрадковпен кездесті. Бас министр қызметіне ол өткен аптада тағайындалды, Ресей сапары – Ехануровтың жаңа қызметіндегі алғашқы шетел сапары. Юрий Ехануров менім алдымдағы бас министр Юлия Тимошенконың Ресей бас министрімен бірде-бір кездеспегені дұрыс болмады деді.