Сейсенбі күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің форумы болып өтті. Форум жұмысына негізінен республиканың әр аймақтарынан келген білім және ғылым саласының мамандары қатысты.
Осы форумға қатысушылардың бірі Атырау облысы, Исатай станциясындағы мектептің директоры Жеңіс Қоңдыбайдың отбасы ұстаздықпен аты шыққан әулет болып табылады. Өйткені олардың отбасынан осы уақытқа шейін отыздан астам ұстаз шығыпты. Жеңіс Қоңдыбайдың балаларының арасында да осы дәстүрді жалғастырып, ұстаздық жолды таңдағандар бар. Алайда, Жеңіс Қоңдыбайдың айтуынша, қазіргі уақытта ауылда жас ұстаздардың саны азайып барады. Жеңіс Қоңдыбай жас ұстаздардың санын арттырып, оларға жағдай жасау арқылы ғана ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін көтеруге болады деп есептейді.
Соғыс және бейбітшілікті хабарландыру институтының деректеріне жүгінсек, Қазақстан мектептерінде сабақ беретін ұстаздардың орташа айлығы 15 мың теңгені құрайды. Сейсенбі күні Алматы қаласында өткен форумда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова білім сапасын арттыру мақсатында ұстаздардың айлықтарының тағы да 30 процентке көтерілгендігіне айрықша тоқталды. Алайда кейбір ұстаздар айлықтың көтерілгендігінің аса сезілмейтіндігін айтып отыр. Қызылода қаласындағы мектептердің бірінде сабақ беретін Файзова Лимма Халилова оның себебін, мұғалімдердің айлығы көтерілген уақытта, базардағы бағаның да шарықтап шыға келетіндігімен түсіндірді. Алматыдағы мектептердің бірінде сабақ беретін Құралай есімді мұғалім айлығының аздығынан қолы бос уақытында сауда-саттықпен айналысатындығын жасырған жоқ.
Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріндегі білім деңгейіне сапасыз шыққан оқулықтың да көп әсері тиеді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрі Бірғаным Әйтімованың айтуынша, осы уақытқа шейінгі айтылған сындар ескеріліп үстіміздегі жылғы 135 оқулықтың 48 і жетілдіріліп қайтадан шығарылған.
Жамбыл облысы, Жаңатас қаласындағы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде сабақ беретін Ләйла Шүкеева математика оқулықтарында қате шығарылған есептердің де кездесетіндігін әңгімелеп берді. Ресми мәліметтерге жүгінсек, үстіміздегі жылы жоғарғы оқу орнына қабылдау үшін өткізілген бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде, мектепті бітірген оқушылардың 25 проценті ең төменгі 40 балды да жинай алмаған.