Қазақстан НАТО-ның бейбітшілік үшін серіктестік бағдарламасына енген ел. Сондықтан да Қазақстан мен НАТО арасындағы байланыс ең әуелі осы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталып отыр, деді НАТО бас хатшысының Қавқаз және Орталық Азия елдері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Симмонс қазанның 4-і күні Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде.
НАТО-ның жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, бүгінгі күні Қазақстан мен НАТО арасындағы қарым-қатынас ойдағыдай дамып келеді, алайда осы қарым-қатынасты әлі де жақсарта түсу қажет. Қазақстан халықаралық терроризмге қарсы коалицияға кіріп,өзінің қолдауын білдіріген ел.
- Сондықтан да Қазақстан үкіметі Ауғанстанға бағыт алған НАТО ұшақтарының Қазақстан әуе кеңістігі арқылы ұшуына рұқсат берді, алайда қазақ жерінде НАТО-ның бірде бір әскери базасы не қару-жарақ қоймасы жоқ, алдағы уақытта да бұл мәселе күн тәртібінде емес, - деді Роберт Симмонс.
НАТО бас хатшысының Қавқаз және Орталық Азия елдері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Симмонс осы жолы Қазақстанға келген сапарында НАТО басшылығының ұйғарымымен жуырда ғана НАТО-ның Орталық Азия аймағындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Тоғай Тұнжар деген азаматты өзімен бірге ерте келіпті. Тоғай Тұнжар Алматыдағы НАТО кеңсесінде отырып жұмыс істейді, ол іс арасында Өзбекстаннан басқа Орталық Азия елдеріне жұмыс сапарымен шығып, сол елдердің жоғары дәрежелі өкілдерімен кездесіп, НАТО мен арадағы қарым-қатынас мәселесін талқылап тұрады деді Р.Симмонс мырза. Ол, сондай-ақ, жуырда Өзбекстанның Әндіжан қаласында болған оқиғаға қатысты әлем қауымдастығының бұл оқиғаны халықаралық тәуелісіз бақылаушылар тарапынан тексеру қажет деген талабын НАТО ұйымы да қолдап отырғанын айтты. Алайда, Өзбекстан басшылығының бұл талапты қабыл алмай отырғаны белігілі. НАТО-ның жоғары дәрежелі өкілі Р.Симмонс сейсенбі күні Алматыда Қазақстанның бейбітішілік үшін Қазбат әскери құрылымының жұмысымен танысқан. Сәрсенбі күні ол Астанада Қазақстанның жоғары дәрежелі өкілдерімен кездеспекші.