В.Путин – Лондон орталығының қауіпсіздігін қадағалайтын “Кобра” кешеніне аяқ басқан бірінші шетелдік лидер

ЛОНДОН. Бүгін Лондонда ағылшын премьер-министрі Т.Блэр Ресей президенті В.Путинмен екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында екі жақты сауда қатынасы, терроризмге қарсы күрес және тағы бірқатар проблемаға ден қойылды. Бүгін президент В.Путин тамыз айында Ресейдің суасты зерттеу қайығын құтқарған 5 ағылшын құтқарушысын орыс ордендерімен марапаттауға тиіс болатын. Т.Блэрдің кеңсесі хабарлағандай, В.Путин – Лондон орталығының қауіпсіздігін қадағалайтын үкіметтік “Кобра” кешеніне аяқ басқан бірінші шетелдік лидер болмақшы. Сейсенбі күні Лондонда Ресей президенті Еуроодақ басшылығымен келіссөз өткізді.