ВАШИНГТОН. АҚШ-ы Әндіжандағы қанды оқиғаларға байланысты Өзбек үкіметін сынаған соң, Өзбекстан билігі американ әскерлерінің елден шығып кетуін талап еткен болатын. Ресми Ташкент ол қантөгісте 187 адам қаза тапты десе, ал құқық қорғаушылар үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң жүздеген бейкүнә адам құрбан болған дегенді айтады.