Араб елдері лигасының Бас хатшысы Әмір Мұса Ирақта кез-келген сәтте азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін деп атап көрсетті

Лондон. Мұндай сөзді Мұса Ирақ конституциясының жобасы бойынша референдум өткізілерден бір апта бұрын ББС-ге берген сұхбатында айтқан. Араб лигасының дипломаттары жақын арада Ирақтағы келісімгерлік конференциясын өткізу үшін дайындық жүргізуде. Ал бұл аралықта Ирақта көтерілісшілердің бомба жарулары жалғасып, жекелеген қақтығыстар орын алуда, бүгіннің өзінде 10 адам жарақаттанған. АҚШ әскерилері Анбар провинциясында жеті күнге созылған «Темір жұдырық» операциясында 50-ге тарта бүлікші өлтірілді деп айтты. Екінші осындай әскери операция Эфрат жазығында жүргізіліп жатыр.