Сенбі күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді баспасөз беттерінде Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымының жоғары дәрежелі бас қосуында Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты біріктіру туралы шешім қабылданғаны туралы жазыпты.
Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы өзінің сенбілік санында Ықпалдастықтың жаңа сатысы деген тақырыппен газет тілшісі Сейфолла Шайынғазының Санкт-Петербордан жолдаған мақаласын жариялапты. Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты біріктіру туралы шешім осы жолғы саммиттің ең басты қортындысы болды. Бұл шешімге келу үшін ОАЫ Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары түн жарымына дейін отырып кеңесіп, келісіп барып шешті. Ал Қазақстан президенті Н.Назарбаев Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше болып кіруін осы бас қосудағы ең негізгі әрі ең маңызды мәселе болғанын ерекше атап өтті деп жазады газет тілшісі. Сондай-ақ газет Қазақстан президенті бұл екі ұйым қатар өмір сүрген кезде олардың бір-бірін қайталағанынб ал өзара біріккен кезде жұмсалатын шығындардың белгілі бір мөлшерде қысқаратынын ең бастысы бұл бірігудің ОАЫ ұйымына да ЕурАзЭҚ –тың да мүдделеріне толық сай келетінін атағандығын жазыпты. Сонымен үш жарым жылдан астам уақыт өмір сүрген ОАЫ ұйымы өз жұмысын тоқтатты. Бұдан былай оның шеңберінде қарастырылып және шешімін тауып келген мәселелер толықтай ЕурАҚ тың құзырына көшетін болды деп жазады Егемен Қазақстан.
Осы тақырып туралы Айқын басылымы да өзінің сенбілік санында Путиннің туған күнінде Назарбаевтың перзенті дүниеге келді деген мақала жариялапты. Мақала ауторы Берік Бейсенұлының жазуынша бас қосудың ең үлкен жаңалығы Өзбекстанның ЕурАзЭҚ қа мүшелікке өтгендігі болды. Ал екі ұйымның бірігуіндегі мақсат ол еуразиялық кеңістікте интеграциялық дамуды одан әрі жетілдіре түсу болмақ. Ал қазанның 7 сі күні 53 жасқа толған Владимир Путин екі ұйымының бірігуін менің туған күніме орай жасалған үлкен тарту іспеттес деп бағаласа ал ресми Ташкент іргелес елдерден іргесін аулақ сала алмайтындығын енді түсінгендей деп жазады газет тілшісі.
Ал алда Қазақстанда болатын президент сайлауына қатысты Жас Қазақ басылымы Қойшы көп болса қойдың басы қатады деген мақала жариялапты. Мақалада, Орталық Сайлау комиссиясы қазанның 3 інен бастап Қазақстан президентігінен үміткерлердің өтініштерін тіркеуді аяқтағанын осы уақыт ішінде 18 үміткердің өтініш бергенін бес кандидаттың талапқа сай болмай шыққанын жазыпты. 18 үміткер аз ба жоқ көп пен деп сұрақ қояды газет. АҚШ тағы сайлауда 200 ге жуық үміткер шықса ал Украйнада болған сайлауға 26 үміткер тіркелген ал алақандай Қырғызстанда 22 үміткер шыққанын есерсек әрине бұл аз дейді Жас Қазақ. Қалай десек те сайлау алды науқан таудан төмен қарай құлдилаған жүк көлігі тәрізді біртіндеп жылдамдық алып келеді.Енді оның бағыты мен жылдамдығын нық ұстап өзін де сақтап өзгені де басып кетпейтін шеберлік сайлауға түсетін барлық кандидаттардың бойынан табылғанын қалар едік дейді Жас Қазақ.
Ал Экпресс-К газеті сенбілік санында Орталық Сайлау комиссиясы қәзіргі президент Н.Назарбаевты алдағы болатын сайлауға түсетін алғашқы үміткер ретінде ресми тіркегені жөнінде жазыпты. Газетке берген сұқбатында Н.Назарбаевтың сайлау штабының жетекшісі Бақытжан Жұмағұлов Н.Назарбаевты қолдап 170 мың адамның қолы жиналғанын, орталық сайлау комиссиясына тапсырылған құжаттарда ешбір кемшіліктің болмағандығын айтыпты. Ал газет тілшісі Борис Ковалевтің Атыраудан хабарлауынша Атырау облысында президентіктен үміткер Жармақан Тұяқбайды қолдап 2431 адамның қолы жиналса да облыстық сайлау комиссиясы бұған тексеру жүргізіп тұрақты мекені дұрыс көрсетілмеген, фамилиясы мен аты-жөні дұрыс жазылмаған деген түрлі сылтаулармен 763 адамның қолын заңсыз деп тапқан.