БАҒДАД. Лондонда шығатын Sunday Telegraph басылымына берген сұхбатында Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зибари Ирақтың жаңа конституциясы референдумда қабылданбайтын болса, ел ала-сапыранға ұрынады деп мәлімдеді. Жаңа Ата заң, оның пікірінше, қазіргі билікті заңдастырып, елдегі бүлікті басып тыныштық орнатуға мүмкіндік береді. Кеше сүнниттердің тобы “жаңа конституция елді жік-жікке бөледі” деп мәлімдеп, сайлаушыларды 15 қазанда өтетін референдумда оған қарсы дауыс беруге шақырды. Ирақтың 18 өлкесінің кемінде 3-еуінде сайлаушылардың 2/3-сі қарсы дауыс берсе, конституция қабылданбайды. 26 млн. халықтың 15.7 млн.-ы дауыс бере алады. Кеше Ирақ үкіметі референдумға дейін комендант тәртібін орнатты.