Х.Зебари (Ирақ): “...жаңа конституция 15 қазандағы референдумда қабылданбаған күнде, Ирақ ала-сапыранға ұрынады”

БАҒДАД. Ирақтың батысында АҚШ әскері жүзеге асырып жатқан операция барысында 90 көтерілісшінің көзі жойылды. Ирақ үкіметі өкілінің хабарлауынша, 28-інші қыркүйекте басталған операцияда 178 көтерілісші қол түсті. АҚШ әскерінің мәлімдеуінше, бұл операция “Әл-Қаида” ұйымы қанатының сүнниттер басым тұратын Әл-Анбар өлкесіндегі іс-қимылын шектеу мақсатында іске асырылуда. Онымен қарама-қатар Бағдадтың оңтүстігіндегі жол шетінде бомба жарылып, 2 бейбіт тұрғын мерт болып, басқа төртеуі жараланды. Рамади қаласында 1 АҚШ жауынгері қаза тапты. Ирақтың сыртқы істер министрі Х.Зебари егер жаңа конституция 15 қазандағы референдумда қабылданбаған күнде, ел ала-сапыранға душар болады деп ескерті. Кеше сүнниттер халықты Ата заңға қарсы дауыс беруге үндеді.